0
:
0
Матч-центр

25 қыркүйек — Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Kpl.kz

2026 жылғы 25 қыркүйек Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Тиісті өкімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізі жағалауында өткен оқу-жаттығуы кезінде болды. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, қатты желдің салдарынан әскери қызметшілер теңізге түсіп кеткен.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, 12 әскери қызметшінің қаза тапқаны расталды. Үш адам құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жеткізілді. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қайғылы жағдайға байланысты 25 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды.

Kpl.kz ақпараттық порталы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Орны толмас қазаның ауыртпалығын бірге бөлісеміз.


25 сентября 2026 года в Казахстане объявлен Днём общенационального траура в связи с гибелью военнослужащих при исполнении служебных обязанностей в Мангистауской области.

Соответствующее распоряжение подписал Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев.

Трагедия произошла 24 сентября во время учений Военно-морских сил Вооружённых сил Казахстана на побережье Каспийского моря. При выполнении учебно-боевой задачи резко ухудшились погодные условия и усилился ветер, в результате чего военнослужащие оказались в море.

По последним официальным данным, подтверждена гибель 12 военнослужащих. Троих удалось спасти, один из них был госпитализирован. Поиски ещё двух военнослужащих продолжаются.

В связи с трагедией 25 сентября по всей стране приспущены государственные флаги и отменены культурно-массовые мероприятия.

Информационный портал Kpl.kz выражает глубокие соболезнования родным и близким погибших военнослужащих. Разделяем боль невосполнимой утраты.

Поделиться

Прогнозы

Прогнозов нет.

Календарь игр

Лучшие бонусы

Фрибет 10 000 тенге для новых игроков
10 000 тенге без депозита за регистрацию